Көрме туралы
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР:
Министерство Экологии, IGTIC, Business First
Ресми ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Касым‑Жомарт Токаев және Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларының қатысуы жоспарлануда. Бұл көрменің жоғары халықаралық мәртебесін және оның өңірлік маңызын айқындайды. Іс-шараның ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі. Шараны ұйымдастыруға Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (IGTIC) қолдау көрсетеді. Көрменің операторы - «BusinessFirst» ЖШС.
2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Астанада «RES 2026 EXPO» халықаралық жасыл және тұрақты технологиялар көрмесі өтеді. Ауқымды іс-шара Орталық Азия елдерінің қатысуымен өтетін – Өңірлік экономикалық саммит 2026 аясында ұйымдастырылып, аймақтың тұрақты даму саласындағы негізгі диалог алаңына айналмақ.
RES2026EXPO
Көрме Астана қаласында, МВЦ EXPO (Мәңгілік Ел, 53/1) алаңында 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында өтеді.
Сондай-ақ, көрме аясында бірнеше арнайы іс-шаралар өткізіледі, олар қатысушыларға тәжірибе алмасуға, жаңа идеялармен танысуға және «жасыл» технологияларды дамытуға мүмкіндік береді:
  • GREEN INVEST FORUM - инвесторлар, бизнес және мемлекет өкілдерінің диалог алаңы. Форумда «жасыл» инвестициялық жобаларды таныстыру, қаржыландыру және халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланып, B2B және B2G кездесулері ұйымдастырылады.
  • ECO STARTUP COMPETITION - экологиялық стартаптар мен инновациялық шешімдерді көрсетуге арналған кәсіби алаң. Қатысушылар жобаларын таныстырып, тәжірибе бөлісіп, тұрақты даму саласындағы жаңа технологияларды көрсетуге мүмкіндік алады.
  • GREEN RUNWAY FASHION SHOW - экологиялық таза материалдар, қайта өңделген маталар және табиғи бояғыштар қолданылған сән коллекцияларының көрсетілімі. Шоу мәдениет, табиғат және инновация байланысын көрсетеді.
  • ART EXHIBITION - табиғат, тұрақты болашақ және экологиялық құндылықтарға арналған көркемдік экспозиция. Заманауи суретшілер мен авторлық студиялардың жұмыстары экологиялық тақырыптарды ашады.
  • REGIONAL ECO FILM FESTIVAL - экологиялық және әлеуметтік тақырыптағы кино бағдарламасы. Көрме басты сахнасында көрсетілетін фильмдер тұрақты даму, экология, климат, су, биоәртүрлілік және ESG трансформациясына арналған.
Көрме аумағында 8 тақырыптық аймақ көрсетіледі:
  1. Жасыл энергетика және декарбонизация. Күн, жел және басқа таза энергия көздерін пайдалану арқылы ауаға зиянды газдардың шығарын азайту.
  2. Су ресурстарын басқару және ағын суларды тазарту. Суды үнемді пайдалану, өзендер мен көлдерді тазалау, қауіпсіз су жүйелерін құру.
  3. Циркулярлық экономика және қалдықтарды қайта өңдеу. Қалдықтарды қайта пайдалану және жаңа өнімдер жасау арқылы қоршаған ортаны қорғау.
  4. Ақылды қалалар және тұрақты инфрақұрылым. Қалаларды ыңғайлы және экологиялық таза етуге арналған технологиялар мен шешімдер.
  5. Климаттық технологиялар және көміртекті басқару. Көміртек шығарын азайту және климатқа әсерді төмендететін жаңа технологиялар.
  6. Биоәртүрлілік және экожүйелерді қалпына келтіру. Табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктердің алуан түрлілігін сақтау және зақымдалған жерлерді қалпына келтіру.
  7. Агро-технологиялар және азық-түлік жүйелері. Тиімді және экологиялық таза ауыл шаруашылығы, жаңа технологиялар арқылы тұрақты азық-түлік өндірісі.
  8. ESG және жасыл қаржыландыру. Экологияға, әлеуметтік жауапкершілікке және дұрыс басқаруға негізделген инвестициялар мен бизнес жобалар.
RES 2026 EXPO - экологиялық трансформацияға бағытталған нақты технологиялар мен инновациялық шешімдерді таныстыратын кәсіби платформа. Көрме аясында мемлекет өкілдері, халықаралық ұйымдар, бизнес құрылымдар, қаржы институттары, ғылыми және сарапшылық қауымдастығы бас қосады. Шараға барлығы 30 елден 300-ден жоғары компания қатысып, 1500 делегат пен 20 000-нан аса көрермен күтілуде.
Өткізу уақыты мен орны
Көрме "Expo" ХКО-да Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1 мекенжайы бойынша өтеді
Жұмыс уақыты:
2026 жылғы 22 сәуір (сәрсенбі): 11:00-18:00
2026 жылғы 23 сәуір (бейсенбі): 09:00-18:00
2026 жылғы 24 сәуір (Жм): 09:00-14:00
© Regional Ecological Summit EXPO 2026
+7 708 026 66 88
2026 жылғы 22–24 сәуір, Астана, МВЦ «EXPO»