Іскерлік және мәдени бағдарламалар
ASTANA ECO FILM FESTIVAL
экология, тұрақты даму және әлеуметтік жауапкершілік тақырыптарына арналған халықаралық кинофестиваль. Шара Орталық Азия елдерінің өңірлік экологиялық саммиті аясында өтетін «RES 2026 EXPO» халықаралық экологиялық және жасыл технологиялар көрмесі шеңберінде ұйымдастырылады.
Фестиваль мәдени-ағартушылық бағытта өткізіліп, қоғамда тұрақты даму, экология, биоалуантүрлілік және адамзаттың планета болашағы алдындағы жауапкершілігі туралы ашық диалог қалыптастыруға бағытталған.
GREEN RUNWAY FASHION SHOW
«RES 2026 EXPO» халықаралық экологиялық және жасыл технологиялар көрмесі аясындағы маңызды мәдени шара. Жоба жоғары сән өнерін, экологиялық жауапкершілікті және Орталық Азия елдері арасындағы мәдени ынтымақтастықты біріктіреді. Сән көрсетілімі адам мен табиғаттың ажырамас байланысын және өңірдің биоалуантүрлілігін сақтаудың маңызын көрсетуге бағытталған.
GREEN INVEST FORUM
2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Астана қаласындағы IEC EXPO халықаралық көрме орталығында өтетін «RES 2026 EXPO» халықаралық экологиялық технологиялар және тұрақты шешімдер көрмесі аясында ұйымдастырылады. Форум - 2026 жылғы өңірлік экологиялық саммиттің негізгі инвестициялық алаңы. Ол Орталық Азиядағы тұрақты даму жобаларына нақты инвестиция тартуға бағытталған.

Дәстүрлі форумдардан айырмашылығы, Green Investment Forum - бұл нақты келісімдер жасалатын алаң (deal-making event), мұнда әрбір сессия нақты инвестициялық шешімдерге әкеледі.

ART EXHIBITION
FALAK / Song of Water and Land көрмесі Орталық Азиядағы экологиялық мәселелерге ортақ көзқарас пен бірлікті көрсету идеясына негізделген.
Өңірді ортақ трансшекаралық су жүйелері, еріп жатқан мұздықтар, экожүйелер және климаттың жедел өзгеруі біріктіреді.

Өткізу уақыты мен орны
Көрме "Expo" ХКО-да Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1 мекенжайы бойынша өтеді
Жұмыс уақыты:
2026 жылғы 22 сәуір (сәрсенбі): 11:00-18:00
2026 жылғы 23 сәуір (бейсенбі): 09:00-18:00
2026 жылғы 24 сәуір (Жм): 09:00-14:00
© Regional Ecological Summit EXPO 2026
+7 708 026 66 88
2026 жылғы 22–24 сәуір, Астана, МВЦ «EXPO»